Ссылки доступа

Қазақстан президенті БҰҰ мінберінде бірінші рет қазақ тілінде сөз сөйленді деді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы сапары кезінде журналистерге берген сұхбатында БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінде бірінші рет Қазақстанның мемлекеттік тілінде сөз сөйленді деді.

«Менің мемлекеттік тілдегі сөзім, оның Ұйымдағы барлық ресми алты тілге ілеспе аударылуы да жақсы нышан болды», - деді Назарбаев.

Дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының ашылу сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінде сөйледі. Алайда қазақ тілінен аударатын ілеспе аудармашы болмады. Сол себептен мәжілістің төрағасы Назарбаевтың сөзін бөлуіне тура келді. Бірнеше минуттан кейін, аудармашы шақырылған соң барып, Қазақстан президенті халықаралық қауымдастық алдында сөзін жалғастырды.

XS
SM
MD
LG