Ссылки доступа

Франция билігі Аблязовты Ресейге экстрадициялауға шешім шығарды


Мұхтар Әблязов
Мұхтар Әблязов

Франция үкіметі БТА-банктің бұрынғы басшысы «алаяқтықпен айналысты» деп айыпталған Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Әблязовтың адвокаты Петер Салас бұл жөнінде журналистерге 12 қазанда жариялады. Францияның үкімет басшысы Мануэл Вальс экстрадициялау жөнінде жарлыққа 17 қыркүйекте қол қойған екен.

Адвокаттың сөзінше, Әблязов франсуз билігінің шешіміне қарсы мемлекеттік кеңеске шағымданады.

2014 жылдың қазан айында Лионның апелляциялық соты жергілікті соттың Әблязовты экстрадициялау туралы шешімімен келіскен болатын. Алайда ол кезде банкирді қай елге беретіні туралы айтылмаған. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Францияның кассациялық соты оны Ресейге немесе Украинаға беру жөнінде қаулы қабылдады.

Әблязов 2013 жылы франсуздың Экс-ан-Прованс қаласында тұтқындалды.

Ол Қазақстан билігі БТА-банктан алты миллиард доллар жымқырды деп оған қарсы қылмыстық іс қозғағаннан кейін, 2009 жылы елден кетті.

2001 жылы Қазақстанның демократиялық қозғалысының негізін құрғандардың бірі Мұхтар Әблязов Қазақстан билігін сынап келеді.

XS
SM
MD
LG