Ссылки доступа

Киев Надежда Савченконың ісі қаралып жатқан сотқа қарсылық білдірді


Надежда Савченко, 6.10. 2015
Надежда Савченко, 6.10. 2015

Украинаның сыртқы істер министрлігі Украина азаматшасы Надежда Савченконың ісі қаралып жатқан сотқа қарсылық білдірді. Украина СІМ мәлімдемесінде айыптаушы тараптың әрекетін өрескелдік беп бағалап, сотта Савченко адвокатына сұрақ қою құқығының шектеліп отырғанын атап көрсеткен.

Украина СІМ сонымен бірге Ресей Федерациясының Надежда Савченконың Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясының мүшесі ретінде ерекше мәртебеге ие екенін ескермей, Еуропа кеңесі аясындағы өздеріне алған міндеттемелерді бұзып отырғанын айтады.

Савченко ісі Ростов облысындағы Донецк қалалық сотында 22 қыркүйектен бері қаралып жатыр. Украина қарулы күштерінің офицері Надежда Савченко 2014 жылдың шілде айынан бері Ресейде тұтқында отыр. Оған екі ресейлік журналисті өлтірді деген айып тағылуда.

XS
SM
MD
LG