Ссылки доступа

Үндістан Қырғызстан әскеріне 16 млн сом тұратын дәрігерлік жабдықтар берді


Үндістан Қырғызстанның қарулы күшіне 16 млн сом (233 мың АҚШ доллары) көлеміндегі дәрігерлік жабдықтар берді. Бұл жөнінде ҚР Қарулы күштерінің бас штабының баспасөз қызметі хабарлады.

Онда БҰҰ аясында бітімгерлік операциясы барысындағы келісімге сәйкес көмектің беріліп отырғаны айтылады.

Қырғызстанның және Үндістанның қарулы күштерінің өкілдері әскери кадр дайындауда, әскери-техникалық көмек беру және бірлескен оқу өткізуді ұйымдастырудағы өзара ынтымақтастықтың айтарлықтай дамып келе жатқанын атап өткен.

XS
SM
MD
LG