Ссылки доступа

Кутушев: Парламент дилетанттардан арылып, кәсіби болуы тиіс


Қырғыз Парламентінің бесінші шақырылымының депутаты Абдыманап Кутушев Жоғорку Кеңеш құрамын білімсіздерден тазалауға шақырды. Жақында өткен Парламент сайлауына орай өткен жиында Кутушев «Қырғызстан Парламенті дилентанттардан арылып, кәсіби болуы тиіс»,- деп мәлімдеді.

Қос палаталы парламент жүйесіне қарсылық білдірген Кутушев, керісінше тиімділігін көрсеткен бір палаталы Жоғорку Кеңешті кәсіпқойлардан жасақтап, ал оның төрағасы етіп кемінде 5 мәрте, ал комитет төрағасына 3 рет депутат боп сайланған адамды тағайындауды ұсынды. Сонымен бірге Кутушев депутаттардың президентті сайлауын қолдамайды. Оның ойынша, бұл жағдайда парламент мүшелерін ақшаға сатып алу қаупі өседі.

XS
SM
MD
LG