Ссылки доступа

Сирия госпиталіне жасаған Ресей әуе соққысынан 13 адам қайтыс болды


Сирияның солтүстік-батысында Ресейдің дала госпиталіне жасаған әуе соққысынан дәрігерлермен қоса 13 адам қайтыс болды.

Сәрсенбі күні сириялық құқық қорғаушылардың Франс Пресс агенттігіне берген ақпараты бойынша, бұл сейсенбі күні Сармин қаласындағы Идлиб провинциясында орын алған.

Госпитальді сириялық-америкалық медициналық қоғамы басқарады. Оның қызметкерлері бомбалаған дәйекті растады. Бірақ Ресей ұшақтары болды ма, жоқ па ол жағын білмейтіндіктерін айтады.

Алдын сәрсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі террористік топтардың жетекшілері орналасқан Сармин қаласына бірнеше әуе соққысын жасағанын хабарлаған болатын.

Сейсенбі күні сириялық құқық қорғаушылар өздері жүргізген рейдтің нәтижесінде қайтыс болған 370 адамның 127-сі бейбіт тұрғын екенін айтады.

XS
SM
MD
LG