Ссылки доступа

Елабугада Татар қоғамдық орталығы белсенділері мен RFE/RL тілшісі ұсталды


Активисты Татарского общественного центра

Активисты Татарского общественного центра

Татарстанның қаласы Елабугада татар қоғамдық орталығының белсенділері мен Азат Еуропа /Азаттық радиосының тілшісі ұсталған.

21 қазанда полиция мен тергеу комитетінің өкілдері олардың ғимараттарына басып кіріп, кездесу өткізіп отырған қырыққа жуық адамның төл құжаттарын сұрап, тергеуге алған.

Құжаттары жоқ азаматтарды полиция бекетіне күштеп алып барған. Олардың ішінде жиыннан хабар таратуға келген Азат Еуропа /Азаттық радиосының тілшісі Гафиулла Газизов та болған. Газизов телефон арқылы полиция қызметкерлерінің видеокамерасын тәркілеп, фотоаппаратын сындырғанын айтты.

Әзірге полиция тарапы оларды не үшін ұстағандары жөнінде ақпарат бермеді. Ал белсенділер болса, полицейлердің мақсаты кездесуді өткізбеу болды дейді.

XS
SM
MD
LG