Ссылки доступа

Бішкекте арнайы операция кезінде төрт адам көз жұмды


Kyrgyzstan -- Bishkek. Police searching for fugitive extremists combs Botanical Garden

Kyrgyzstan -- Bishkek. Police searching for fugitive extremists combs Botanical Garden

Бішкекте атыс кезінде екі бейбіт тұрғын — әйел мен ер адам қайтыс болды. Бұл жөнінде Азаттыққа (Қырғыз қызметі) ІІМ хабарлады. Милиция мәліметінше, қайтыс болған ер адам 1959 жылы туған. Әйел адам жайында мәлімет анықталып жатыр.

Жалпы операция барысында төрт адам қайтыс болған. Олар — шұғыл мән беру жасағының сарбазы, екі бейбіт тұрғын және қашқын Алтынбек Итибаев.

Итибаевты қолға түсіру операциясы екі сағатқа созылған. Қашқын Бішкектегі Достық шағын ауданының №8 пәтерінде қорғанып, милиция қызметкерлеріне қарсы автомат пен тапанша қолданған.

12 қазанда Шу облысының тергеу абақтысынан тұтқындар қашып шыққан болатын. Оларды тоқтату барысында төрт түрме қызметкері қайтыс болған. Милиция олардың бесеуін ұстаған. Қалған төртеуі қашып үлгерген. 16 мен 20 қазан аралығында қашқандардың екеуі мерт болған. 22 қазанда Эдиль Абдрахманов қолға түскен. Оны Бішкектің шығысындағы Тунгуч шағын ауданынан тұтқындаған. Қашқан төрт сотталушы қайтыс болып (Азамат Мусуралиев, Данияр Кадыралиев и Алтынбек Итибаев), біреуі қолға түсті (Эдиль Абдрахманов).

XS
SM
MD
LG