Ссылки доступа

Санкт-Петербургте сәби-мигрантты еске алуға арналған пикет өтті (Видео)


St. Petersburg: picket in memory of a Tajick baby
St. Petersburg: picket in memory of a Tajick baby

Санкт-Петербургте мигрант-анасынан тартып алынып, ауруханада қайтыс болған сәбиді еске алып, наразылық акциясы өтті. Оны "Права для всех" ұйымының үш белсендісі өткізді.

Олар Якубович көшесіндегі полиция бөлімшесінің алдында қолдарына қайтыс болған бес айлық Умарали Назаров жайында жазылған плакат ұстап, бір-бірлерін кезекпен алмастырып тұрды. Сәбиді анасынан айырып алғаннан кейін 14 қазанда балаларды сауықтыру орталығында қайтыс болған. Плакаттағы жазулар"Миграциялық саясат па әлде кәдімгі фашизм ба?" деген сұрақпен аяқталады.

Пикетке қатысушылар баланың өліміне қатысты істі полициядан объективті түрде тексеруге шақырды.

XS
SM
MD
LG