Ссылки доступа

Джон Керри мен Сергей Лавров Асадтың Мәскеудегі сапарын талқылайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Венада Сирия мәселесін талқылау үшін кездеседі.

Кездесу Түркияның және Сауд Арабия елдерінің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтетін болады.

Вашингтон өз кезегінде Мәскеудегі Путин мен Асад кездесуіне көңілдері толмайтынын жеткізді. Осыдан үш апта бұрын Ресей Сирияда әскери операция бастап, Асад режимін күшейтуге көмектесті деп айыптайды.

Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Асадпен кездесуден кейін Сирия президентінің еліндегі оппозиция "Ислам мемлекеті" ұйымымен қарсы күресте біріксе, келіссөзге келуге дайын деп мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG