Ссылки доступа

Қырғызстаннан Ирак пен Сирияға 400 адам кеткен


Сирия мен Иракта экстремистік топтардың қатарында соғысып жүрген Қырғызстан азаматтарының саны 400-ден асады.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне елдің мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мәлімдеген.

Комитет дерегі бойынша, Ош, Баткен және Жалал-Абад облыстарынан Сирия мен Иракқа кеткендер саны өсіп барады. Соғыс болып жатқан аймаққа бүкіл отбасымен біргеаттанғандар да бар.

Былтыр қарашада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қатарында 300 қазақстандық соғысып жүргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG