Ссылки доступа

ХВҚ: "Сыртқы шок" Орталық Азиядағы жағдайды нашарлата түсті


Бүгін Алматыда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) шикізат бағасының түсуі, валюта бағамының тұрақсыздығы және Ресей экономикасындағы жағдай Орталық Азия және Кавказ елдерінің экономикасына кері әсер етіп жатыр деп мәлімдеді.

Олар жасаған баяндамада аймақтағы кейбір елдер өздерінің валюталарын бос жіберді, экономикасында бюджеттік ынталандыру жасады, олар тезірек құрылымдық реформа жасау керек деп кеңес береді.

ХВҚ-тың Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Юхи Кяхконеннің сөзінше, ұзақ уақытты дағдарыста бұл елдердің экономикалық саясатына терең өзгерістер қажет етеді.

ХВҚ болжамы бойынша, 2015 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 1,5 процент, 2016 жылы 2,4 процент болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG