Ссылки доступа

Тәжікстанның кеден қызметі басшысының ағасы бостандыққа шықты


Дангара қаласындағы "Точиксодиротбонк" директоры, Тәжікстан кеден қызметінің басшысы Абдуфатто Гоибаның ағасы Наджмиддин Саидов 200 мың сомони айыппұл төлеген соң, қамаудан босап шыққан. Бұл жөнінде Озоди радиосына (тәжік қызметі) сенімді ақпарат көзі мәлімдеген.

Онда өткен аптада Наджмиддин Саидов алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. «Тоджиксодиротбонк» Озоди радиосына Саидовтың бостандықта екенін, қазір демалыста жүргенін, таяу арада жұмысқа шығатынын айтқан.

15 қазанда Озоди радиосына коррупцияға қарсы күрес агенттігінің сенімді көзі Наджмиддин Саидовтің 400 мың доллар көлемінде пара алған сәтінде ұсталды деген ақпарат берген.

Ол кезде "Точиксодиротбонк" бұл ақпаратты растамай, ол демалыста деп қысқа қайырған болатын.

XS
SM
MD
LG