Ссылки доступа

Финляндия Ресей БАҚ-тағы жалған ақпаратқа қарсы арнайы топ құрмақшы


Финляндияда әртүрлі министрліктен құралған Мемлекеттік кеңес Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы арнайы топ құрмақшы. Бұл жөнінде Интерфакс ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біз Финляндия тарихын бұрмалап беретін ресейлік басылымдарды тауып, әшкерелейміз", – деген үкіметтің қоғаммен байланыс қызметінің басшысы және Финляндияның қауіпсіздік жөніндегі комитеттің эксперті Маркку Мантила жексенбі күні "Калева" газетіне.

Оның сөзінше, Ресей БАҚ-ы жүйелі түрде елдегі беделді саясаткерлердің сөзін бұрмалайды және бұл кездейсоқ емес.

"Ресей БАҚ-тың басым бөлігі біздің елдің басшылары Ресейге қарсы Еуропалық Одақтың салған санкциясын тоқтату керек деп мәлімдегендей көрініс туғызады", – дейді эксперт.

Ол "Ресейдің мақсаты ақпараттық соғыс арқылы Еуропалық Одақтың тұтастығын бұзу" деп есептейді.

Ресейдің ақпарат құралдарына қарсы топ жұмысын үстіміздегі жылдың соңында бастамақшы. Ол Гарвард университеті мен Рузвельт қорының мамандары шақырылатынын атап өтті.

XS
SM
MD
LG