Ссылки доступа

Тәжікстанда бір жастағы ұлын өлімші етіп сабаған әйел ұсталды


Тәжікстанның құқық қорғау органдары кішкентай ұлын өлімші етіп сабап, мерт еткен Турсунзаде қаласының 28 жастағы тұрғынын тұтқындады.

ІІМ хабарламасына сәйкес бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Оқиға 24 қазан күні орын алған. Турсунзаде тұрғындары Душанбе қаласының "Насл" медициналық орталығына барып, кішкентай баланы тексеруін сұраған.

"24 қазан күні сағат 17.30 шамасында "Насл" клиникасына белгісіз әйел бір жастағы ұлын тексеруге әкелді. Тексеру барысында сәбиден өмір белгілері табылмайтыны анықталды. Милиция қызметкерлері әзірге баланың өліміне 28 жастағы өзінің анасы себепші деп күдіктенеді" делінген ІІМ мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG