Ссылки доступа

Тәжікстанда экстремизммен тек "сөзбен" күреседі


Тәжікстанда Ресей-Тәжік университетінің заң факультетінде экстремизмге қарсы күрес ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Бұл Тәжікстанда жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізетін бірінші орталық.

"Қазір барлық әлемде жастарды экстремистік және террористік ұйымдарға тартып, олардың рухани құндылықтарын жоюға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр. Орталықтың басты мақсаты әдеби, ғылыми халықаралық шаралар ұйымдастыру арқылы жастардың рухани құндылықтарын жаңғырту", - дейді орталық директоры Валиджон Абдухамидов.

Оның сөзінше, орталық Ресейдің білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылады.

Алдын Тәжікстан билігі бүгінде 650 тәжік азаматының Сирия және Иракта көтерілісші топтың құрамында соғысып жүргенін мәлімдеген болатын.

ад режимін нығайтуды мақсат етіп отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG