Ссылки доступа

СІМ: Армения Сириядан 17 мың босқынды қабылдады


Арменияның сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян биылғы жылы өз еліне 17 мыңға жуық сириялық босқынды қабылдағанын мәлімдеді.

Ол бұл жөнінде Ереванда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің үшінші форумының ашылу салтанаты кезінде айтты.

Налбандянның келтірген деректері бойынша, Сириядағы соғыстан бұрын Алеппо, Дамаскі, Латакии, Кесабе және Эль-Камышлиде 110 мыңға жуық армян тұрған. Алайда соғыстан кейін 90 мыңы үйлерін тастап, елден кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG