Ссылки доступа

Жапония Қырғызстанға көмек ретінде миллиард доллардан астам қаржы бөлмекші


Жапония Қырғыз елінің дамуына көмек ретінде 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмекші. Бұл келісімге Қырғыз билігі мен Жапония үкіметінің басшысы Синдзо Абэмен кездесу барысында қол жеткізілген.

Бішкекте Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Қырғыз президенті Алмазбек Атамбае пен премьер-министр Темир Сариевпен кездесті. Бір аптаға жуық Орталық Азиядағы сапары барысында Жапония үкімет басшысы сауда байланысы жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Жапония бөлетін қаржының 16 миллион доллары 2016 жылы Бішкектегі Манас халықаралық әуежайын қайта жөндеуге жұмсалады екен. Бір жарым миллион доллары ауыл шаруашылығына қолдау білдіруге және 117 миллион доллары Ош-Баткен-Исфан тас жолдарын жаңартуға беріледі екен.

Абэ 50 жапон компаниясы өкілдерімен Орталық Азияның Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда болған. Енді сапарын Қазақстанда жалғастырмақшы.

XS
SM
MD
LG