Ссылки доступа

Кремль Сирияда бейбіт тұрғындардың қайтыс болғанын жоққа шығарады


Ресей үкіметі Human Rights Watch халықаралық ұйымының Сириядағы ресйелік әуе соққыдан ондаған бейбіт тұрғын қайтыс болды деген ақпаратын жоққа шығарады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков HRW мәлімдемесін «газетке тән өсек-аяң» деп баға берді.

Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан HRW ұйымы дүйсенбі күні Сириядағы Хомс провинциясында 59 бейбіт тұрғынның, оның ішінде 32 сәбидің қайтыс болғанын мәлімдеп, Мәскеуді жіті зерттеуге шақырған еді. Бұл оқиғалар 15 қазанда Ресейдің әуе соққысы салдарынан орын алған дейді халықаралық ұйым.

Дмитрий Песков өз кезегінде ресейлік әскерилер жұмыстарын қауіпсіз жүргізудедеді.

XS
SM
MD
LG