Ссылки доступа

Тәжікстан тәлібтерге қару бергені туралы хабарды жоққа шығарды


Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара әскерлерінің Бас басқармасы биыл маусым айында тәлібтердің қолына түскен 4 шекарашыны қаруға айырбастағаны туралы ақпарды жоққа шығарды. Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі мұны жала жабу деп атады.

Бүгін «Озоди» радиосына түсініктеме берген шекара әскерлері Бас басқармасының баспасөз-қызметі: «Шекарашылар қару немесе ақшаға айырбасталған жоқ, тікелей Эмомали Рахмоновтың араласуымен босатылды», - деп мәлімдеді.

The Daily Beast порталы «Талибан» қозғалысының өкіліне сүйене отырып, Тәжікстанның 4 шекара жауынгері үстіміздегі жылдың маусымында үлкен көлемдегі қару-жараққа айырбасталғанын, бұл жайттың тәлібтердің бұрынғы көсемінің інісі Тохиром Шамолзайдың Душанбедегі келіссөздерден соң орын алғанын жазған еді.

«Талибан» қозғалысы командирлерінің бірінің орынбасары Кори Умар The Daily Beast-ке берген сұхбатында бұл қарудың «Құндыздағы қарулы қақтығыста шешуші рөл атқарғанын» айтқан.

Маусымның 16-ы күні Тәжікстан билігі өткен жылдың желтоқсанында тәлібтердің қолына түскен 4 шекарашының маусымның 11-де босатылып, елге оралғанын хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG