Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекаралық участкелерді айырбастамақшы


Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы үкіметтік комиссия бірінші рет шекаралық участкелерді айырбастау жөнінде бастама көтерді. Бұл жайында Азаттыққа Қырғызстанның вице-премьері Абдрахман Маматалиев хабарлады.

Оның сөзінше, екі тарап 12 гектарлық жерді айырбастамақ. Қырғызстан Кок-Таш елдімекенінің жоғарғы үлесін алса, тәжік тарабы көлік жолы төселген төменгі аумақты алады.

Маматалиевтің айтуынша, бұл аймақ шахматты түрде орналасқандықтан азаматтарға үнемі қиындық алып келген.

Вице-премьер осы мәселе бойынша 5 қарашада Бішкекке Тәжікстаннан арнайы комиссия келмекші. Ал қарашаның соңында қырғыз делегациясы Душанбеге барады.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы көлемі 970 километрді құрайды. Оның тек 519 шақырымы ғана белгіленіп, реттелген болатын. Қалған бөлігі әлі даулы болып келеді.

XS
SM
MD
LG