Ссылки доступа

АҚШ «ИМ-ға» қарсы Иракта және Сирияда құрлық операциясын бастамақшы


АҚШ Иракта және Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына қарсы құрлық операциясын бастауға дайын екендіктерін жеткізді.

Пентагон басшысы Эштон Картер сейсенбі күні Сенаттың қарулы күштері жөніндегі комиссияның алдында сөз сөйлеп, Вашингтон «ИМ-ға» қарсы күресте әріптестеріне көмектесуден бас тартпайтынын айтты. Оның сөйлеген сөзі америкалық NBC арнасының сайтына қойылды.

Ал өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Картердің сөзі Сирияға қатысты үндеуі деп есептемейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG