Ссылки доступа

Ресей Сириядағы бір сарбазының өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді


Ресейдің қорғаныс министрлігі Сириядағы ресейлік сарбаздың өзіне қол жұмсағанын растады. «Интерфакс» агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап, «Хмеймим әуебазасында қызмет етіп жүрген келісім-шартпен келген жауынгер өзіне қол жұмсап, қаза болды» деп жазады.

Ресей қорғаныс министрлігі қайтыс болған жауынгердің жазысқан хаттарына сілтеме жасап, өзіне қол жұмсауына жүрген қызымен қарым-қатынасы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Алдын БАҚ Сирияда Ресейдің Краснодар аймағынан шыққан 19 жастағы сарбаз Вадим Костенконың қайтыс болғаны жөнінде хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG