Ссылки доступа

Қазақстан Doing Business рейтингісінде 12-позицияға шықты


Дүниежүзілік банктің бизнес жасауға қолайлылықты анықтайтын Doing Business 2016 рейтингісінде Қазақстан 12-позицияға көтеріліп, 41-орынды иеленді.

Былтыр жарияланған рейтингте Қазақстан 53-орында болған еді.

Дүниежүзілік банктің Doing Bisuness рейтингісінде әлемнің 189 еліндегі бизнесті жүргізудің он түрлі көрсеткіші сарапқа салынады. Атап айтқанда, бизнеске септесетін немесе кедергі келтіретін жайттар – кәсіпорын ашудан бастап, бизнесті жүргізу, сыртқы сауда қызметі, салық саясаты және инвесторлар құқығын қорғау сияқты өлшемдерге зерттеу жасалынады. Қазақстан бойынша көрсеткіштерге Алматы қаласы негізге алынған.

Рейтингті оныншы жыл қатарынан Сингапур бастап тұр, онымен бірге алғашқы ондықта Жаңа Зеландия, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Норвегия мен Финляндия бар.

Постсоветтік елдер арасынан Қазақстан – 41-орында тұрса, Беларус – 44, Ресей – 51, Молдова – 52, Әзербайжан – 63, Қырғызстан – 67, Украина – 83 және Тәжікстан – 132-орындарға орналасқан.

XS
SM
MD
LG