Ссылки доступа

Қырғызстанда билік партиясының фракциясы депутаттың ерекше мәртебесінен бас тартты


Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясының депутаттары депутаттық қол сұғылмаушылықтан, қызмет көлігінен және екі көмекшісінің бірінен бас тартты.

Мұндай шешімді социал- депутаттар фракцияның отырысында қабылдады. Бұл жөнінде депутат Жанар Акаев Твиттердегі аккаунтына жазды.

Алдын ҚСДП Жогорку Кенеш депутаттарының қол сұғылмаушылық мәртебесін алып тастау бастамасын көтереміз деп мәлімдеме жасаған болатын. Айта кету керек, парламент сайлауы алдында азаматтық белсенділер де сайлауға түсуші партиялардан депутаттың ерекше мәртебелерінен бас тартуға шақырған болатын.

4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесінде Жогорку Кенешке 6 партия өтті. ҚСДП 38 мандат, «Республика Ата-Журт» - 28, «Кыргызстан» - 18, «Онугуу- Прогресс» - 13 , «Бир Бол» - 12 және «Ата Мекен» 11 мандатқа ие болды.

XS
SM
MD
LG