Ссылки доступа

Мәскеу Тәжікстан азаматтарын депортациялап жатыр (Видео)


Москва "гонит план" по депортации таджиков
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

Соңғы аптада Мәскеуден және Мәскеу облысынан 1500 тәжік азаматын депортациялады.

Ресей құқық қорғау органдары басшылық тапсырма берген депортациялау жоспарын барынша орындап жатыр. Қазірде бұл елде мигранттарға қарсы кампания жүруде.

«Российская газета» басылымының жазуынша, соңғы бір тәулікте тек ғана Мәскеудің оңтүстік-батысынан 500-ге тарта шетел азаматын ұстаған.

20 қазаннан бастап Ресей ішкі істер министрлігі мен миграция қызметінің бірлескен «Мигрант-2015» арнайы операциясы жүріп жатыр. Онда 3400 нысанды, оның ішінде құрылыс, қонақ үй, базар секілді ғимараттарды тексерген. Мәскеудің ішкі істер басқармасының мәліметінше, тексеру барысында бір мыңнан астам Орталық Азияның азаматы ұсталған. Олардың көбінің құжаттарында заң бұзушылықтар орын алған дейді.

XS
SM
MD
LG