Ссылки доступа

Путин Петербургтегі кішкентай Умаралидің өлімінен хабардар


Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте қайтыс болған бес айлық тәжік нәресте Умарали Назаров жайында хабардар. Бұл жөнінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Әрине, ол (Путин) хабардар, бұл жайында БАҚ кеңінен жазды. Мемлекет басшысы бұл оқиғаны біледі», - деді Песков.

Сонымен бірге бұл оқиға президенттің бақылауында ма деген сұраққа ол «әр оқиғаны президент жеке қадағалай алмайды. Бұл мүмкін емес нәрсе»,- деп жауап берді Путиннің баспасөз хатшысы.

Умарали Назаров 13 қазанда оның әке-шешесін миграция заңын бұзғаны үшін хаттама толтыруға полиция бөлімшесіне әкеліп сұрауға алған кезде қайтыс болған. Ресей ІІМ 21 қазанда полиция бала өліміне кінәлі емес деп мәлімдеді. Олардың пікірінше, сәби алдын вирус инфекциясын жұқтырған. Бірақ нәрестенің ата-анасы мұнымен түбегейлі келіспейді. Сап-сау, ешқандай аурумен ауырған жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG