Ссылки доступа

Керриді Орталық Азиядағы баспасөзге қысымды айыптауға шақырды


"Журналистерді қорғау комитеті" АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриді Орталықа Азияға сапарында осы аймақ елдеріндегі баспасөзге қысым мәселесін көтеріп, баспасөздің тұншықтырылуын айыптауға шақырды.

Аталған комитет белсенділері осы аптада Керри сапарлайтын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан билігін қамалған журналистерді бостандыққа шығаруға "ашық шақыруға" үндеген.

28 қазанда жарияланған осы үндеуде Орталық Азияда тәуелсіз баспасөздің жағдайы нашарлап бара жатқаны айтылған. Құқық қорғаушылар осы аймақ елдерінде көрініс берген баспасөз таралымын шектеу, қатаң заңдар, онлайн-цензура, сыншыл журналистер мен блогерлердің саяси қудалануы, шабуылға ұшырауы, түрмеге қамалуы және өлтірілуі мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.

XS
SM
MD
LG