Ссылки доступа

Қырғызстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды


Қырғызстан 2016-2018 жылдарға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Кеңеске елдерді сайлау 28 қазанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 42-пленарлық отырысында болған.

Қырғызстан адам құқықтарын қорғауды, демократия мен әділдіктің билік құруын мақсат етіп, БҰҰ-ның басты органдарының біріне өздерінің кандидатурасын ұсынған болатын. Азия-тынық мұхиты аймақтатық топқа арналған 5 бос орынға жеті мемлекет өтініш білдірген.

Дауыс берудің нәтижесінде Қырғызстан Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қырғызстан кеңестегі мүшелік қызметіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

XS
SM
MD
LG