Ссылки доступа

Венада Сирия жөнінде Иранның қатысуымен келіссөздер басталды


Венада Сириядағы шиеленіске арналған бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерінің келіссөздері басталды. Оған Ресей секілді президент Башар Асадтың жақтастарының бірі болып табылатын Иран да бірінші рет қатысып жатыр.

29 қазан күні Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен және ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен жеке кездесулер өткізді.

Керри өз кезегінде Сергей Лавровпен және Түркия, Сауд Арабия министрлерімен де кездесті. 30 қазанда Австрия астанасында кеңейтілген отырыс өтеді. Мәскеу мен Тегеран Асад билігі Сириядағы өтпелі кезеңде билікте қалу керек деп есептейді. Ал АҚШ және өзге батыс елдері сириялық лидер биліктен кету керек деп талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG