Ссылки доступа

Самарқанд Джон Керридің келуін күтуде


29 қазан мен 3 қараша аралығында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Орталық Азияға алғашқы сапары басталады.

Осы апта соңында ол Өзбекстанның Самарқанд қаласына келмек. Керридің сапарына орай бұл қалада қауіпсіздік шарасы барынша қамтылғаны айтылуда.

«Қалаға кіретін барлық жолға тексеру бекеттері қойылған. «Сиёб» базарын тазалап, уақытша жауып қойған. Құқық қорғау органдары базарда жұмыс істейтіндердің барлықтарының құжаттарының көшірмесін жинап жатыр. Гури-Әмір мешіті жанындағы үйлерде тұратын тұрғындарды да тексеріп жатыр»,-деп жазады «Озодликтің» (Азаттықтың өзбек қызметі) ақпарат көзі Самарқанд қаласынан.

Самарқанд қаласында Джон Керри Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен «аймақтық және ғаламдық проблемалар» тақырыбында бас қосады.

XS
SM
MD
LG