Ссылки доступа

Киев Ресеймен әуе қатынасына қатысты келіссөздер жасады дегенді жоққа шығарады


Ресейдің әуе көлігі жөніндегі агенттігі Украинаға екі ел арасындағы ұшақтарды қалпына келтіру жөнінде ұсыныс жасады. Алайда Киев бас тартты.

Ресей тарапынан Украинаның мемлекеттік авиациялық қызметіне 28 қазанда жолданған. Онда ресей тарапы әуе қатынастарын қалпына келтіру үшін диалогқа келуге дайын делінген.

Украинаның инфрақұрылым министрлігінің өкілі «егер Ресей көлемді түрде айыппұл төлеп, Қырымдағы шектеулі аймаққа ұшуды тоқтатса ғана келіссөзге келуді қарастырады» деп мәлімдеді.

Украина 25 қазаннан бастап ресейлік ұшақтардың өз аумағында ұшуына тыйым салған. Бұл мыңдаған жолаушыға кері әсерін тигізуде. Киевке баратын ресейлік жолаушылар енді тек 13 сағаттық поезбен ғана немесе транзит арқылы ұша алады.

XS
SM
MD
LG