Ссылки доступа

Петербургке Египеттегі ұшақ апатынан қайтыс болғандардың денесі жеткізілді


Петербургке "Когалымавиа" компаниясының Airbus A321 ұшағынан қайтыс болған 144 адамның денесі салынған Ресей ТЖМ-нің бірінші ұшағы қонды.

Эксперттер алдымен сот-медициналық талдау жасағаннан кейін барып, тану жосығы басталады. Сейсенбі күні Петербургке апат құрбандары бар екінші ұшақ келмек.

"Когалымавиа" әуе компаниясының Шарм-эш-Шейхтан Петербургке қарай бет алған ұшағы сенбі күні таңертең апатқа ұшырап, борттағы 224 адамның бәрі қайтыс болды.

Египеттің авиациалық билігі апаттың басты себептерінің бірі техникалық ақау болуы мүмкін дейді.

Қайғылы оқиға болған жерді тексерген Мемлекетаралық авиация комиссиясының атқарушы директоры (МАК) Виктор Сороченко шашылған қалдықтардан ұшақ әуеде жарылған деген шешімге келуге болады де­ді.

Эксперттер әзірге ұшақ апатына қатысты үш болжам айтады. Олардың пікірінше, жүк салатын бөлімге қойылған бомбаның салдарынан жарылуы мүмкін, екіншісі, ұшақ конструкциясының геометрі бұзылған, соңғысы қозғалтқышты игере алмаудың салдарынан ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG