Ссылки доступа

"Истиклол" Тәжікстанның мерзімінен бұрын чемпионы болды


Душанбелік "Истиклол" футбол клубы мерзімінен бұрын Тәжікстанның төрт дүркін чемпионы болды.

1 қарашада Тәжікстан чемпионатының 16-ойынында екінші орында келе жатқан "Худжанд" астаналықтардан 2:3 болып ұтылып қалды. Осылайша, "Истиклол" 43 ұпаймен қарсыластарынан асып түсіп, республиканың төрт дүркін чемпионаты атанды.

Клуб тәжік жоғары лигасында 2010 ж., 2011 ж., және 2014 жылы жеңімпаз атанған.

Енді вице-чемпион титулына "Худжанд" клубы үміткер. Үшінші орын үшін "Равшан", "Хайр" және "Регар-ТадАЗ" клубтары таласатын болады.

XS
SM
MD
LG