Ссылки доступа

АҚШ пен Қазақстан Украинадағы Минск процесіне қолдау білдіретіндерін айтты


​АҚШ пен Қазақстан Минск процесі Украинаның шығысындағы ахуалды реттейтін бірден-бір жол деп атады. Бұл мәлімдемені АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың жеке кездесулерінен кейін жасаған.

АҚШ Қазақстанның Украинамен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуін жоғары бағалады. Джон Керри сонымен бірге Қазақстанның Ауғанстанның дамуына және қауіпсіздігіне қолдау білдіретіні мен Орталық Азияның экономикалық интеграциясын алға дамытып жатқанын құптайтынын да жеткізді.

Екі тарап терроризм мен экстремизм қатеріне ықпалдасып, қарсы әрекет жасауға келісті. АҚШ Қазақстанды 2015 жылы аймақтық конференция өткізгені үшін алғысын білдірді.

Керридің енді Орталық Азиядағы келесі сапары Душанбе болмақ. Онда ол Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі.

XS
SM
MD
LG