Ссылки доступа

Джон Керри Астанада оппоненттеріне тыйым салмауға шақырды (видео)


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри дүйсенбі күні Назарбаев университетінде түбегейлі еркіндік жөнінде лекция оқыды.

Ол сайлаулар әділ, еркін өтпесе оның тиімділігі шамалы дей отырып, ондай кезде саяси партиялар тек басым түсу үшін ғана өзара сайысады дегенді жеткізді. Бірақ ол ешбір елдің атын атап, түсін түстемеді.

Бірақ ол Орталық Азия елдерінің лидерлеріне қаратып, азаттыққа шектеу қою террористердің өсуіне жол беретінін ескертті.

— Біз террористердің пайда болуы билікке талдамай жатып, күш көрсетуге құқық бермейтінін түсінуіміз керек. Терроризм бұл саяси оппоненттерді қамап қою үшін ақталу емес не болмаса азаматтық қоғамның құқығын бұзып, өзгеше ой айтатын белсенділерге жалған айып тағу емес. Мұндай тәжірибе керісінше нәтиже береді, ал бұл террористер үшін тиімді болмақ, — деп мәлімдеді Джон Керри Астанада Назарбаев университеті студенттерінің алдында.

XS
SM
MD
LG