Ссылки доступа

Тәжікстан Ауғанстанның контрабандалық ұшақ жөніндегі айыбын жоққа шығарады


Тәжік билігі тікұшақтары Ауғанстанға контрабандалық жолмен қару тасымалдайды деген Ауғанстанның айыптауын теріске шығарды.

Тәжікстаннің шекара әскерінің өкілі өздерінің тікұшақтары тек ғана Ауғанстанмен шекарада бақылау жүргізетінін мәлімдеді. Алайда олар ешқашан белгіленген аумақтан өзге жерге қонбағанын да жеткізді.

Алдын Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Давлат Вазири алтынның орнына тәлибтерге қару-жарақ жеткізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадалиев ауған әріптестерінің мәлімдемесін еш негізі жоқ жалған деп атады. Осыдан бір ай бұрын ауғандық БАҚ Құндыз Тәжікстанның берген қару-жарақтарының арқасында басып алынды деп жазған болатын.

Алайда ауған эксперті Нурали Саидидің сөзінше, содырларға көмек Тәжікстан тарапынан емес, Ресей тарапынан келіп жатыр.

XS
SM
MD
LG