Ссылки доступа

Тәшкентте адам құқықтары жөнінде сұрақ қоймақ болған америкалық журналист залдан қуылған


АҚШ мемлекеттік департаменті Washington Post газетінің тілшісіне қатысты оқиғадан кейін қауіпсіздік ережесін қайта қарайтынын мәлімдеді.

Журналист АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің кездесуі барысында Өзбекстандағы адам құқықтары жөнінде сұрақ қоя салысымен, оны күштеп залдан шығарып жіберді.

Бейнежазбада газет тілшісі Каримовтен америкалық биліктің Өзбекстандағы адам құқықтарының жағдайын сынға алуына байланысты түсінік алуға тырысып жатқанын көруге болады. Қатысушылар ашық жағдайдағы кездесуді аяқтап жатқан кезде «Президент мырза, америкалық баспасөздің сұрағына жауап бересіз бе?» деп сұраған. Осы кезде, ол адам құқықтары мәселелесін көтергелі тұрғанда мемлекеттік департамент және өзбек қауіпсіздік қызметкерлері оны күштеп залдан шығарып жіберген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз жөніндегі бөлімнің директоры

Элизабет Трюдо Вашингтонда журналистерге болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізетінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG