Ссылки доступа

Джон Керри Душанбеде Эмомали Рахмонмен кездесті(видео)


Орталық Азия елдерінде ресми сапармен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Душанбеге келіп, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Жабық есік жағдайында өткен кездесуде тараптар ынтымақтастықтың болашағы мен аймақтағы жағдайды көтерген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы кездесуден кейін негізі мәселелерден өзге Тәжікстандағы энергетикалық дағдарыс пен Өзбекстанның гидроэлектрстанциясын салуға қарсылығы жөнінде талқылағанын айтты.

"Біз Тәжікстандағы электрэнергияны әртараптандыру көздерін қарадық. Жақын бес жылдықта Тәжікстанды және Ауғанстанды толық энергиямен қамтамасыз ететін жобаны әзірлейтін боламыз",- деді Керри.

Мұнан өзге Джон Керри аймақтар арасындағы кейбір факторлардың әрқашанда шешімін табуға болады деп атап көрсетті.

Прибытие Джона Керри в Таджикистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

XS
SM
MD
LG