Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметіне реформа жасамақ


Чыныбай Турсунбеков
Чыныбай Турсунбеков

Қырғызстанда барлық энегетикалық компанияларын бір холдингтің астына біріктірмек. Бұл жөнінде парламенттік көпшілік коалициясының лидері Чыныбай Турсунбеков мәлімдеді.

Оның сөзінше, мұндай шаралар үкімет құрылымын оптимизациялау үшін қажет. Министрлік саны 14-тен 12-ге дейін азаяды. Екі мемлекеттік комитет пен 2 холдинг құрылады.

«Энергетика министерлігі жойылады. Оның орнына холдинг құрылады. Біз сонымен бірге мемлекеттік мүлікті басқаратын қорды жойып, орнына холдинг ашуды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік агенттік те 28-ден 24-ке дейін қысқарады», - деді Турсунбеков.

XS
SM
MD
LG