Ссылки доступа

Түркияға ұшпақ болған өзбек мигрантын «Домодедовода» ұстаған


2 қарашада «Домодедово» Мәскеу әуежайында Түркияға ұшпақ болған 24 жастағы Өзбекстан азаматы Рахматулло Абдусаттаровты ұстаған.

Көлік прокуратурасының хабарлауынша, Мәскеу метросында жұмыс істеген Абдусаттаров ресейлік шекара қызметкерлері тарапынан Өзбекстанның халықаралық іздеу жариялауы бойынша ұсталған.

Ал өзбек мигранты өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Ресейдегі дағдарыс өзге елден жұмыс іздеуге итермеледі дейді ол.

Ол Өзбекстанның өзіне іздеу жариялағанын, оның әкесі діни адам ретінде құқық қорғау тарапынан есепте тұратындығынан деп болжайды.

Әзірге Рахматулло Абдусаттаров Мәскеудегі тергеу изоляторларының бірінде қамауға алынды. 3 қарашада оған қатысты сот отырысы болмақ.

XS
SM
MD
LG