Ссылки доступа

Баткен облысында жыл басынан бері 21 шекаралық қақтығыс болған


2 015 жылдың басынан бері Баткен облысында Тәжікстан мен Өзбекстан шекара аймағында 21 қақтығыс болған. Бұл жөнінде Азаттыққа (Қырғыз қызметі) облыстық милиция хабарлаған.

Ақпаратқа сәйкес, қырғыз - тәжік шекарасында 11 оқиға орын алса, өзбек шекарасында 10 даулы оқиға тіркелген. Сонымен бірге қару қолданып, адам өліміне әкелген жағдайлар да болған.

Бұл даулардың алдын алуы үшін үш елдің билік өкілдері бірнеше рет бас қосты.

2 014 жылы Баткен облысында 41 даулы оқиға тіркелген.

,

XS
SM
MD
LG