Ссылки доступа

Алматыда "жалған түсік" ісімен сарашы сотталды


Алматыда медициналық сарашы Марат Әбуовті қалалық сот үш жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың 3 қарашада жариялаған мәліметіне сәйкес, сарашы "жасанды дәлел келтірді" деп айыпталған Анастасия Громцеваға қатысты "жалған куәлік берген". Громцева Алматыда болған көлік апатына қатысты соттасқан еді.

Громцева апаттан соң түсік тастағанын айтып арызданған. Бірақ көлік апатынан кейін екі жыл өткен соң өзі жәбірленушіден айыпталушыға айналды. 2 014 жылы прокуратура оған байланысты "түсік туралы дәлелдерді қолдан жасады" деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG