Ссылки доступа

Қырғызстан парламентінің спикері болып Асылбек Жээнбеков сайланды


Қырғызстан Жогорку Кенеші VI-шақырылымының спикері болып Асылбек Жээнбеков сайланды. Бұл шешімді депутаттар 4 қарашада пленарлы отырыста қабылдады.

Жалпы отырысқа 118 депутат тіркеліп, Жээнбеков кандидатурасын 114 -і қолдаса, төртеуі қарсы дауыс берген.

Жээнбеков әріптестерін қолдағандарына алғысын білдіріп, Қырғызстанның дамуы үшін қолынан келгенін аянбайтынын жеткізді.

Бүгін сонымен бірге вице-спикерлерді де сайламақ. Алдын хабарланғандай, орынбасарлар саны екеуге дейін қысқартылады делінген. Бірі — көпшілік коалиция өкілі болса, екінші вице-спикер – оппозициялық коалицияның өкілі болмақ. Осыған дейінгі V-шақырылымда әр фракцияның атынан бір вице-спикер болған.

Билік коалициясы вице-спикерлікке Нурбек Алимбековті ұсынады деп күтіліп отыр. Ал осы постқа оппозиция тарапынан – Максат Сабиров пен Талант Мамытов («Республика — Ата-Журт» фракциясы), «Бир бол» атынан Исхак Пирматов ұсынылмақ.

XS
SM
MD
LG