Ссылки доступа

«Ленинград» тобының бұрынғы мүшесі жеке BMW көлігін өртеп жіберген


3 қарашада Санкт-Петербургте «Ленинград» тобының бұрынғы мүшесі Стас Барецкий өзінің жеке BMW маркалы автокөлігін өртеп жіберген.

«Фонтанка.ру» басылысының хабарлауынша, осылайша әнші отандық көлікке қолдау көрсеткісі келген. «Санкциялармен бізді қорқыта алмайсыңдар, біз бәрін өзіміз істей аламыз», - деп мәлімдеген музыкант.

Барецкий тамыз айында көлігін өртеймін деп уәде еткен болатын. Сол кезде ол Петербургтегі дүкендердің бірінде Apple компаниясының iPhone мен Samsung компаниясының планшетін сындырып, «біз өзіміз жасауымыз керек» деген болатын.

Барецкийдің сөзінше, оның көлігі 1998 жылы шыққан. Өртегенге дейін 350 мың рубль тұрған (Шамамен 5 жарым мың АҚШ доллары).

XS
SM
MD
LG