Ссылки доступа

Қырғызстандағы ең қарт әже Айша Атабаева 130-ға толды


Қырғызстанның ең қарт тұрғыны Айша Атабаева 130 жасқа толды. Бұл жөнінде Қара су ауылының әкімдігі хабарлады.

Олардың мәліметінше, Айша Атабаева Тоғыз бұлақ ауылында тұрады. Ол 1885 жылы дүниеге келген. 1905 жылы тұрмысқа шыққан. Төрт баласынан 32 немере және 47 шөбере көріп отыр.

Бүгінде Атабаеваның рухы биік, көзі жақсы көреді, құлағы да жақсы естиді екен. Өз еркімен тұрып-жүреді екен. Айша әжей тұратын ауылда жасы жүзден асқан он шақты қариялар тұрады екен.

XS
SM
MD
LG