Ссылки доступа

Сенат даулы еңбек кодексін қабылдады


Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында қоғамда және кәсіподақтар арасында дау тудырған еңбек кодексі жобасын екі оқылымда қабылдады.

Кодекс жобасында еңбек келісім-шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша үзуге негіздер кеңейтілген. Жоба бойынша, жұмыс берушінің бастамасымен келісім-шарт «өндіріс және орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызмет көлемі азайып, ұйымның экономикалық жағдайының нашарлауына» әсер еткен жағдайда үзілуі мүмкін. Жаңа еңбек кодексінде мұндай негіздердің пайда болуын жоба авторлары «экономикадағы қазіргі ауыр жағдаймен» түсіндірген.

Сонымен бірге жобада жұмыс берушіге кәсіпорын жұмысы тұрып қалғанда жұмысшыларды олардың денсаулығына зиян емес кез-келген басқа жұмысқа өздерінің келісімінсіз ауыстыра алатындай құқық беру көзделген. Бұдан өзге жобада жұмыс берушіге зейнет жасына жеткен жұмысшымен келісім-шартты тоқтату құқығы берілген.

Бірқатар кәсіподақ жетекшілері еңбек кодексі жобасын сынап, қарсылық танытқан. Мұнайшылар кәсіподақтарының өкілдері президент Нұрсұлтан Назарбаевты даулы заң жобасын қабылдамауға шақырған.

XS
SM
MD
LG