Ссылки доступа

Тәжікстан билігінің ақпарат көзі Сирия мен Иракта 300-ге жуық тәжіктің мерт болғанын айтады


Тәжікстанның күштік құрылымдарының ақпарат көзі Озоди радиосына (Тәжік қызметі) Сирия мен Иракта 200-ге тарта тәжік азаматтары қалғанын, олардың жартысы отанына оралғысы келетіндерін жеткізген.

Ақпарат көзі сонымен бірге Сирия мен Иракта шамамен 300 тәжік азаматының мерт болғанын айтқан.

Әлеуметтік желілерде өте белсенді болып жүретін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына кіретін тәжік содырлары соңғы кезде мүлдем үнсіз қалған. Тәжік билігі олардың тең жартысынан астамы өлтірілген деп есептейді. Ал қалған тірі қалғандары экстремистік топтың әрекеттерінен көңілі қалған, отанына оралғылары келеді дейді.

Осыдан екі жыл бұрын тәжік жастары әлеуметтік желі арқылы өздерінің Сирияда және Иракта жүрген суреттерін, видеоларын жиі салатын.

Соңғы мәлімет бойынша, «Ислам мемлекеті» тобына кіретін тәжік жастарының саны 500-ден асқан. Енді билік олардың 300-і өлтірілген, 50-і қайта оралған. Қалғаны шамамен екі жүзге жуық деп отыр.

XS
SM
MD
LG