Ссылки доступа

Тәжікстанда адвокат қызметіне шектеу қойылды


Тәжікстан парламенті бұдан былай адвокатты әр бес жыл сайын әділет министрлігінен тексеруден өтіп тұруға міндеттейтін адвокатура жөніндегі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Заң жобасын ұсынып отырған әділет министрі Рустами Шохмурод сонымен бірге құжатқа сәйкес, адвокаттарға сотта өзінің туыстарын қорғауға тыйым салынатынын да айтты. Мұнан бөлек адвокаттың сотталғаны жөнінде мәлімет болса, оған өзге адамның құқығын қорғауға тыйым салынады.

Адвокаттардың өздері бұл заң жобасын өздерінің құқықтарын шектеуге әкеледі дейді. Айта кету керек, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәлімдемесіне сәйкес, соңғы екі жылда Тәжікстанда атышулы оқиғаларда айыпталушы тарапты қорғаған төрт адвокат тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG