Ссылки доступа

Ташкентте бензинге деген кезек бірнеше километрге созылған (видео)


Өзбекстан астанасы бензин дефицитін тағы көріп жатыр. Тәшкенттің кейбір жанар май станциялары тапшылықтан жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған.

Алдын өзбек ақпарат құралдары бензиннің бірден қымбаттағанын жазған еді. Бүгінде Ташкентте 91 маркалы бензин литрі үшін 5000-6000 мың сумға (1 доллар) сатылып жатыр. Осыған дейін литрі 3700 сум (65 центов) болып келген.

Соңғы жылдары Өзбекстанда бензинге деген күзгі тапшылық әдеттегі жағдайға айналған. Мұның бір себептерінің бірі мақта терімі науқынымен сәйкес келуі мүмкін.

Өзбекстан ірі мұнай қорына иелік еткенімен қазіргі инфрақұрылымдары ішкі нарықты қанағаттандыратындай бензин өндіруге мүмкіндік бермейді.

Жанар-жағар майды шетелден әкелуге тек ғана мемлекеттік "Узнефтмахсулот" компаниясының құқығы бар.

XS
SM
MD
LG